Құқықтық ақпарат

Құпиялылық саясаты

Соңғы жаңарту: 2026 жылғы қазан

1. Қандай деректерді жинаймыз

  • Тіркелу кезінде: аты, тегі, email, құпиясөз (құпиясөз шифрланған түрде сақталады).
  • Қосымша (міндетті емес): пайдаланушы аты, туған күні, өңір, профиль суреті.
  • Google арқылы кіргенде: Google аккаунтыңыздағы аты, email және профиль суреті.
  • Сіз жасаған мазмұн: мақалалар, драфттар, пікірлер, лайктар.
  • Байланыс формасы: аты, email және хабарлама мәтіні.

2. Деректерді не үшін қолданамыз

  • аккаунтты жасау және жүйеге кіруді қамтамасыз ету;
  • мақалаларды жариялау және редакциялық тексеру;
  • құпиясөзді қалпына келтіру хатын жіберу;
  • сіздің байланыс формасы арқылы жіберген сұрауыңызға жауап беру.

3. Кімге көрінеді

  • Барлығына көрінеді: аты, профиль суреті, жарияланған мақалалар, пікірлер. Мақала бетінде мақала авторының email мекенжайы да көрсетіледі.
  • Әкімшілерге көрінеді: тексеруге жіберілген мақалалар мен драфттың мазмұны (мақала жіберілгеннен кейін), автордың аты.
  • Ешкімге көрсетілмейді: құпиясөз, туған күні.

4. Үшінші тарап қызметтері

Платформа жұмыс істеуі үшін мына қызметтерді қолданамыз:

  • Supabase — дерекқор және суреттерді сақтау;
  • Vercel — сайтты хостинг;
  • Google — Google арқылы кіру;
  • Gmail / Resend — құпиясөзді қалпына келтіру және байланыс хаттарын жіберу.

Бұл қызметтер деректерді өз серверлерінде өңдейді.

5. Браузерде сақталатын ақпарат

Жүйеден шығып кетпеуіңіз үшін аккаунтыңыздың негізгі мәліметтері (құпиясөзсіз) браузеріңізде сақталады. «Шығу» батырмасын басқанда ол жойылады. Платформа жарнамалық бақылау құралдарын қолданбайды.

6. Сіздің құқықтарыңыз

  • Профиль мәліметтерін «Профиль» бетінде өзіңіз өзгерте аласыз.
  • Деректеріңіздің көшірмесін сұрауға немесе аккаунтыңызды жоюды өтінуге болады: izdenkz@gmail.com.
  • Жарияланған мақалаңызды сайттан алып тастауды да осы мекенжай арқылы сұрай аласыз.

7. Қауіпсіздік

Құпиясөздер шифрланған түрде сақталады, сайт HTTPS арқылы жұмыс істейді. Дегенмен интернетте 100% қауіпсіздікке кепілдік беру мүмкін емес, сондықтан күрделі құпиясөз қолдануды ұсынамыз.

8. Өзгерістер және байланыс

Бұл саясат жаңартылып отыруы мүмкін. Сұрақтар болса: izdenkz@gmail.com